Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс отырысы өтті.

Аппараттық мәжілісте алдымен «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы, «10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру» жөніндегі тапсырманың орындалуы туралы атқарылған жұмыстар тыңдалды.

Бүгінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 60,0 млн. теңгенің 11 жобасы мақұлданып, 11 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Бұл ретте аудан әкімі Ардақ Ибраимов жоба тиімділігін ескере отырып, ауданда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында және жаңа жұмыс орнын қалыптастыру үшін «Ауыл аманаты» жобасына ұсыныстарды көбейтуді тапсырды.

2024 жылға аудан бойынша 410 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, қазіргі таңда 329 жаңа жұмыс орны ашылды. Облыс әкімі бекіткен Қызылорда облысы бойынша 2024 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында жоспарланған 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жоспарды орындауды тапсырды.

Сондай-ақ, Аққыр, Аққұм және Қаракеткен ауылдық округі әкімдерінің атқарылған жұмыстары тыңдалды.

Аппараттық мәжіліс отырысында қаралған мәселерге сәйкес сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасарларына берілген тапсырмаларды мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

БӨЛІСУ