«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс орталығындағы саябақтар, аллеялар мен скверлерді қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қолайлы климат пен тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз ортаны сақтау үшін жаңа демалыс аймақтарын, ойын-сауық саябақтарын салу жоспарлануда», – дейді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дінмұхамбет Сырлыбаев.
Соңғы екі жылда бас шаһар заманауи көрініске ие болды. Аймақ басшысының қолдауымен жаяу жүргіншілер жолдары салынып, көшелер абаттандырылуда. Сұлтан Бейбарыс және Н. Назарбаев даңғылдарының бойына субұрқақтар орнатылды. Биыл жеке кәсіпкердің демеушілігімен орталық алаң толықтай абаттандырылып, қызылордалықтардың серуен құратын жайлы орнына айналды. Тазалық акциялары Б.Шөкенов атындағы және ҚР Тұңғыш Президенті саябақтарына жаңа тыныс берді. Мақсатты шаралар жалғаса береді.