12 қазан күні Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі.
Ала жаздай ризық-несібесін жерден терген Сыр диқандарының 1000 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері халыққа нарық бағасынан төмен бағада ұсынылатын болады.
Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 20 тонна ет және 40 тоннадай балық өнімдері, 200 тонна картоп, 70 тонна сәбіз, 120 тонна пияз, 150 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 200 тонна бақша өнімдері, 60 тонна асқабақ, 10 тоннадай сүт өнімдері, 10 тоннаға жуық бакалея және кондитер өнімдері және 200 бас тоқты және 40 тонна жем-шөп тауарлары жеткізіледі.
Жәрмеңкенің өтетін орындары:
Қызылорда қаласы – «Тағзым алаңы» (С. Толыбеков көшесі мен Д. Қонаев көшесінің қиылысы);
Қармақшы ауданы – «Журба» көшесінің бойы (С. Романов пен Саламатов көшесінің аралығы);
Жалағаш ауданы – Ә. Қашаубаев көшесі мен Жетікөл көшесінің қиылысы («Титов» қыстағы);
Сырдария ауданы – Б. Құлтекенов көшесінің бойы (Шанхай мөлтек ауданы)
Арал ауданы – С.Торайғыров көшесінің бойы («Шұғыла» балабақшасының алды);
Қазалы ауданы – Ғ.Мұратбаев пен Қ.Яссауи көшесінің қиылысы («Шұғыла» мөлтек ауданы);
Жаңақорған ауданы – Астана даңғылының бойы (Е. Көшербаев көшесі мен А. Иманов көшесінің аралығы);
Шиелі ауданы – Тасбөгет кенті (Орталық алаңы)