Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ұстаздар күні мерекесінде білім саласының ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады.

Аудан басшысы мерекелік қабылдауда ұстаздық үлкен қасиет екенін атап өтті.
– Кемел келешек пен бақытты болашақтың кілті қашан да мұғалімнің қолында. Өйткені, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді жас ұрпақтың санасына дарытатын ұстаздар қауымы. Сондықтан Ұстаздар күні – қоғамдағы орны бөлек мерекелердің бірі. Елімізде ұстаздардың кәсіби шеберліктерін нығайтуға, білімдерін арттыруға тұрақты жағдай жасалған. Бюджеттің де ең негізгі бөлігі білім саласына бөлініп келеді. Әрине, осындай қолдау мен аудан ұстаздары мен ардагерлерінің арқасында білім беруде қол жеткен табыстарымыз да аз емес. Мағжан Жұмабаевтың «Алты Алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын – мұғалімдікі» деуі бекерден-бекер емес. Бұл – ұстаздардың қоғамдағы орнын айшықтайтын баға, ұстазға деген халқымыздың құрметі, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мерекелік іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, ардагер ұстаздар Ұ.Жанәлиева, Г.Әбілова, Б.Сүюбаева мерекелік лебіздерін жеткізді.

Қабылдау барысында ардагер ұстаздар мен мұғалімдер аудан әкімінің Құттықтау хаты және облыстық білім басқармасының “Құрмет грамотасымен”, «Алғыс хатымен» марапатталды.

Аудан елді мекендерінде орналасқан білім беру ұйымдарының арасындағы байланысты нығайтып, білім сапасын арттыру мақсатында Тереңөзек кентінінен негізгі 1 білім беру округы құрылып, №36 мектеп-лицей базасында жұмыс жасауда. Құрамына  кенттегі 3 мектеп, 5 балабақша, 1 өнер мектебі топтастырылды. Сонымен бірге, 13 ауылдық елді мекендерден негізгі білім беру округы арқылы 13  ауылдық елді мекенде шағын білім беру округтары  құрылды.

Оқыту сапасы мен мектеп қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз етуші негізгі тұлға-ол мектеп директоры.

Білім беру жүйесінде жүріп жатқан өзгерістер педагогтардың ғана емес, директорлардың  да үздіксіз дамуы қажеттігін айқындап отыр. Мектеп директоры -мектептің бас ұстазы.

Осы орайда, директорлардың  инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында  облыстық білім басқармасының  бастамасымен «Бір мектеп – бір жоба» байқауы ұйымдастырылды.

Байқауда директорлар пәні бойынша  ашық сабақ көрсетіп, мектепті дамыту бағытындағы жобаларын қорғады.

«Бір мектеп-бір жоба!» байқауы әрі қарай жалғасын тауып, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары арасында өткізілді.

Басқару процесін ұйымдастыруда, оқу-білім беру процесін дамытуда және жалпы білім беруді ұйымдастыруда мектептің дамыту бағдарламасының маңызы зор.

Қазіргі таңда әрбір мектепте білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламалары мен нысаналы индикаторлары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

БӨЛІСУ