2024 жылдың 8-22 қазан аралығында ауқымды әлеуметтік «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы әлеуметтік жобасы іске асырылмақ. Яғни шалғай елді мекендердің халқын медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жоспарланғандығын хабарлаймыз!

Медициналық пойыз аймағымыздағы Сексеуіл, Аралқұм, Қамыстыбас, Бекбауыл, Төретам, Қаракеткен, Бәйгеқұм, Талап елді мекендерiндегi тұрғындар денсаулығына медициналық тексерiс жүргiзетiн болады.
Атап айтар болсақ, шалғайдағы станция тұрғындары негізгі медициналық мамандарынан, яғни білікті
– Жалпы тәжірибелі дәрігер
– Гинеколог
– Окулист
– Невропатолог
– Педиатр
– Лор
– Хирург
– Травматолог
– Психолог
– Кардиолог
– Уролог
– Стоматолог маман кеңестерiн алумен қатар,
– УЗИ
– ЭКГ
– Рентген
– Эхоэнцефалография
– Маммография
– Лабораториядан тегін тексеруден өте алады.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УЗИ, флюорография және т.б.), шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған.
Медициналық пойыздың тағы бiр айта кетер ерекшелігі – мұндағы мамандар сақтандырылмаған тұрғындарға да тегін медициналық көмек көрсетедi.

БӨЛІСУ