Қызылордада алғаш рет Nasa Space apps Challange өтті.

5-6 қазан күндері Қызылорда қаласында өңір жастарының арасында ғарыштық технологиялар тақырыбындағы «Nasa Space apss challange» хакатоны өтті. Бұл гибридтік форматта өткін бірегей шара. Хакатонға жалпы 72 жобалық топ қатысты: 40 жоба оффлайн, 32 топ онлайн форматта.

Шараның салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов, Палата директорының міндетін атқарушы Дәурен Мұзарапұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры Махмут Томанов, кәсіпкер, «Венера принт» жарнама агенттігінің басшысы Венера Дәулетбаева және «Банк Центр Кредит» АҚ Қызылордадағы филиалының директоры Айбек Бекбанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Айта кетейік, аталмыш Хакатон Қазақстан және Орталық Азия елдері бойынша Matrix Official халықаралық қауымдастығының Вице президенті, сондай-ақ, ҚР Атамекен ҰКП Мектеп және студенттік технологиялық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитетінің басшысы Владимир Затолокиннің бастамасымен Сыр елінде алғаш рет өткізіліп отыр.

Хакатон барысында жобалық топтар 2 күн бойы өңір жастары ғарыштық саласындағы инновацияларды көздейтін Nasa тақырыптарына сай жобалар жасады. Бұл жобалардың мақсаты – болашақтағы Жер мен ғарыштың зерттеу технологияларына серпіліс беру.

Nasa space apps challange Kyzylorda хакатонында жалпы 270 қатысушы тіркеліп, ұйымдастырушылар мен эксперттерді жобалардың жоғары дәрежесімен тәнті етті. Әсіресе, жастардың презентацияларды ағылшын тілінде қорғағаны көпшілік көңілінен шықты.

Хакатонның нәтижесі эксперттер комиссиясының жобаларды бағалау процессінен кейін шығады. 15 қазан күні Қазақстанның ең үздік жобасы аталып, Nasa space apps challange хакатонының халықаралық этапына шығады.

БӨЛІСУ