Ұстаздар мерекесінде Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда ерекше балаларға арналған спорттық іс-шара өтті. Екінші мәрте өткен қызықты әрі тартысты шараны “Қазақстандағы орыс қауымдастығы” ҚБ Қызылорда облысындағы филиалы ұйымдастырды. Спорттық іс-шараға 6-14 жас аралығындағы 50-ден астам балалар қатысты.
-Қазіргі қоғамда даму проблемалары бар балаларға деген көзқарас өзгерді. Әрбір ерекше баланың ұжымда оқуға құқығы бар және міндетті. Оларға білім беріп қана қоймай, олардың дағдыларын дамыту керек. Бұл ең бастысы емес, қызығушылықты ояту әлдеқайда маңызды, – деді орыс қауымдастығының облыстағы төрағасы Наталья Мишукова.
Іс-шараның басты мақсаты – балаларды білімге баулу, жаңашылдық және жаңа нәрселерді зерттеуге деген ұмтылыстардан ләззат алуға үйрету, балаларды бір-бірімен және басқалармен қарым-қатынас жасауға үйрету, яғни әлеуметтену.
Сондықтан бүгін Қазақстандағы орыс қауымдастығы «Қайсар» футбол клубымен бірлесіп, қаламыздың шуақты балалары үшін «Футбол бәріне қолжетімді» атты іс-шара өткізді. Аталған іс-шараның демеушілерінің бірі Қайсар футбол командасына “Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасары Руслан Құрманов ризашылығын білдіріп, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысы Руслан Каюповтың Алғысын табыстады.
2024-10-08