7 қазан күні Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Референдум қорытындысы – ұлт барометрі» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының отырысы өтті.
Оған зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, этномәдени бірлестіктер, облыстық ҚХА құрылым мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Тарих» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі Айтжан Оразбақов ашып, жүргізді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, Физика-математика ғылымдарының докторы Б. Абдикаримов Атом электр станциясының болашақ ұрпақ үшін өте қажет. Өйткені бұл – жастардың болашақ энергиясы. Себебі энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің бірі болып отыр деді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, Химия ғылымдарының кандидаты Анипа Тапалова ел индустриясын дамыту үшін АЭС-тің маңызы зор екендігіне тоқталды.
-Бұл бастаманың елге пайдасы ең алдымен тасымалданатын жарықтан құтылып, өзімізде өндірілетін жарыққа қол жетеді. Одан кейін экологияға зияны жоқ жасыл елге айналамыз. Көмір мен газ түтіні азаяды, – деді.
Ал Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, Филология ғылымдарының магистрі Талғат Телеубаев жергілікті мамандар даярлауды күшейту бағытына тоқталды. АЭС-тен алынатын энергия экологиялық ең таза әрі қауіпсіз екенін алға тартты.
ҒСТ мүшесі Дәулет Омаров кешегі Референдумның сәтті өткізілуі және елімізде «естуші мемлекет» қағидасының жүзеге асуының көрінісі екеніне тоқталып, энегрия тәуелсіздігін орнықтыруда АЭС-тің маңызына тоқталды.
Сондай-ақ, ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері Ә. Жаппасбаев, Қ. Жарекеев, “Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасары Руслан Құрманов күні кеше елімізде өткен Референдумда қазақстандықтар жаппай дауыс беруге қатысу арқылы бірлік пен азаматтық жауапкершілікті көрсетіп, бұл оқиға республикалық деңгейде шешімдер қабылдау үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ететін тікелей демократияның бір түрі ретінде маңызды рөлін атап өтті.
Қатысушылар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жиын соңында ғылыми-сарапшылық топ мүшелері бүгінгі отырыстың мақсаты туралы БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.

БӨЛІСУ