Бүгін білім қызметкерлері арасындағы дәстүрлі «Спартакиада – 2024» жарысының марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Жаннат Мылтықбайқызы мен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым мен жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының қала бойынша төрайымы Ануза Аманжолқызы қатысып, жеңімпаз командалар мен спортшыларды құттықтады.

Аталмыш спартакиаданың мақсаты – білім қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, сондай-ақ бұқаралық спортты одан әрі дамыту және достық қарым-қатынасты нығайту.

Айта кетейік, білім қызметкерлері спартакиадада 8 спорт түрінен сынға түсті. Бәсеке тартысқа толы өтті.

Жалпы командалық есепте Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ мектеп-лицей, ІІІ  орын алса, ІІ орынды Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі иеленді. Ал, І орынды  Әли Мүсілімов Атындағы Мектеп-лицей командасына жеңіп алды.

Жеңімпаз командалар мен спортшылар қалалық кәсіподақ комитетінің қаржылай және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Қала ұстаздарына алдағы уақытта бастау алатын дәстүрлі «СПАРТАКИАДА – 2024» байрақты бәсекесінде сәттілік тілейміз! Жеңісті күнде жүздейік!

БӨЛІСУ