Қызылорда облыстық мәслихатының Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Орта және мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етудің сапасы туралы» мәселе қаралуда.
Осы мәселелердің жан-жақты зерттеліп, тиянақты талдануы үшін бүгін облыстық мәслихат депутаттары, комиссия мүшелері Ж.Ысқақ және Ж.Ембергенов жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болды.
Алдымен «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Е.Жақып, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Л.Мығымбаевамен бірге А.Тоқмағамбетов және Қалжан ахун ауылдарына барды.
Ауылдағы №135 А.Тоқмағамбетов атындағы орта мектебі мен «Балауса» бөбекжай балабақшасында және Қалжан ахун ауылындағы №126 орта мектебі мен «Гүлдер» бөбекжай балабақшасында болып, жұмыс барысымен танысты.
Атап айтсақ, мектеп ғимаратының қашан салынғаны, сыйымдылығы, қазіргі таңдағы техникалық жағдайы, санитарлық-гигиеналық талаптарын, мектептің жабдықталуы, интернетке қосылуы, мультимедия кабинеттері (электр қуатымен, тиісті мамандармен қамтылуы), типтік спорт залының болуы, мектеп шеберханаларының жайы, бөлінген қаржы мөлшері және оның игерілу жайы, мектеп асханасының жұмысы, астық тамақтың ұйымдастырылуы және қаржыландыру көзі, мектептің жылыту көзі, кадр жұмыстарының ұйымдастырылуы, пән мұғалімдерінің біліктілік арттыруы және жүргізетін пәніне сәйкестігі, оқушылардың оқулықтармен, оқу құралдарымен қамтылуы, мектептегі тәрбие жұмысы (мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланыс, құқық бұзушылықтың алдын-алу, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру), мектепте медициналық кабинеттің болуы және медбикемен қамтылуы бойынша мониторинг жүргізілетін болады.

БӨЛІСУ