Шаһарымызды жасыл-желекке айналдыру бағытындағы жұмыстарға жанашыр тұрғындарымыз үлестерін қосып келеді. Сондай белсенділерді ынталандыру үшін «Үздік аула» байқауы жарияланып, шілде-тамыз айлары аралығында көпқабатты тұрғын үй мен жеке тұрғын үйдің аулаларын көгалдандырған тұрғындардан «Үздік аула» байқауына өтінімдер қабылданған болатын.

Бүгін осы байқауға қатысуға өтінім берген 13 ауланың ішінен комиссия мүшелері жеңімпаздарды анықтады.

Бұл байқау 2018 жылдан бастап, 7 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін жүлде қоры ретінде ауланы көгалдандыруға қажетті құрал-саймандар жиынтығы табысталса, 2022 жылдан бастап байқауды өткізуге арнайы қаржы қаралып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, яғни «Үздік аула» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылуда. Ал 2023 жылдан бастап байқауға өтінімдер жасыл-желекті көпқабатты тұрғын үйдің ауласына ғана емес, жеке тұрғын үйдің сыртқы аумағын да көгалдандырған қала тұрғындарынан қабылданды.

Алдағы уақытта «Қала күні» мерекесіне орай, жеңімпаздарды марапаттау шарасы ұйымдастырылатын болады.

БӨЛІСУ