Облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ысқақ пен Ж.Ембергенов жұмыс сапарымен Шаған ауылында болды.
Депутаттар «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Е.Жақыппен бірге Шағандағы №37 мектеп-лицейіне барып, жұмыс барысына қанықты.
Мектеп ғимараты 2015 жылы пайдалануға берілген. 3 қабатты, 900 орындық типтік жобада салынған мектеп екі ауысымда, бес күндік жұмыс аптасына негізделіп жұмыс жасайды. І ауысымда- 475 оқушы, ІІ ауысымда – 401 оқушы білім алуда.
Қазіргі уақытта жалпы 228 қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде 167 педагог қызметкер.
Мектепте оқушыларға медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын арнайы бөлме жұмыс жасайды, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Білім беру ұйымында 100 орындық асхана жұмыс жасайды. Мектеп ауласы талапқа сай темір қоршаумен қоршалған. Мектепте 1 үлкен спорт және акт залы кітапхана бар және жаңа модификациялық физика, химия, биология кабинеттері жабдықталған.
Мұнан соң, ауылдағы «Балбөбек» және «Алтынсақа» балабақшаларында болып, балабақша жұмысымен танысты.
Сапар барысында балабақша меңгерушілері бүлдіршіндерге барлық жағдай жасалғандығын айтып, депутаттар да өз кезегінде балаларға тәрбие беруде әркез жауапкершілік болу керектігін жеткізді.

Шағандағы сапар Шіркейлі ауылында жалғасты. Депутаттар «Орта және мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етудің сапасы туралы» мәселе бойынша алдымен Ә.Жәмішев атындағы №129 мектеп-лицейіне барды.
600 орындық мектеп-лицей 2015 жылы салынып, пайдалануға берілген. Барлық мұғалім саны-90. Оқушы саны-633. Айта кетерлігі оқушылар бірдей үлгідегі мектеп формасымен киінген.
Компьютерлік сыныптар саны – 3: мультимедиа, информатика, робототехника. Мектепте жаңа химия, физика кабинеттері бар. 200 орындық мектеп асханасы да бар, І ауысымда-169, ІІ ауысымда-145, барлығы-314 оқушыны бір мезгіл ыстық тамақпен қамтып отыр.
Одан соң, мәслихат депутаттары сол ауылдағы 2010 жылы салынған «Нұр бақыт» балабақшасында болды. Балабақшада 90 бала тәрбиеленуде.
Кездесу барысында депутаттарға балабақша меңгерушілері тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылды.

БӨЛІСУ