1 қазан – Қарттар күні қарсаңында облыстың барлық аудандарынан ардагерлер құрметпен Қызылорда қаласына шақырылды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан әр саланың ардагерлеріне аймақта атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңа нысандардың құрылысы таныстырылды. Сонымен қатар мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып құрмет көрсетіліп жатыр.

Шаһарда бас қосқан қонақтар алдымен “Өнер орталығының” жұмысымен танысты. Өнерге өңір халқы өзгеше қарайды. Сондықтан да ардагерлер кең де сәулетті мәдениет сарайының жұмысына оң бағасын беріп, шығармашылық табыс тіледі.
Еске салсақ, орталықта өнер иелерінің, шығармашылық ұжымдардың ұлттық, академиялық, симфониялық және эстрадалық бағыттағы концерттері, түрлі форматтағы қоғамдық және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі.
2022 жылдың қыркүйек айында 1000 келушіге арналған орталықтың іргетасы қаланып, 2024 жылы ел игілігіне берілген.

БӨЛІСУ