Бүгінде Тереңөзек кентінің аумағы кеңейіп, халық саны да артып келеді. Осыған байланысты, автокөлік және жаяу жүргіншілер жолын салуға деген қажеттілік те өсуде. Биылғы жылы кентте көшелерді орташа жөндеу және абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде.

Қазіргі таңда, аудан орталығында ұзындығы 8000 метрді құрайтын Қ.Бөдеев көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Жолдың құрылысын «Ақтоған» ЖШС жүргізіп, мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айына дейін жалғасады деп жоспарлаған.

Жолдың жөнделгені, жаяу жүргінші жолдарының салынуы жасөспірімдердің білім ордасына, тұрғындардың жұмыс орны мен қажетті орталықтарға қатынауына қолайлы жағдай қалыптастырады.
Осы ретте, тұрғындардың ұсынысы ретінде қолға алынған құрылыс жұмыстарына кент тұрғындары риясыз көңілін білдіруде.

Айта кету керек, биылғы жылы Тереңөзек кенті бойынша бұдан бөлек 5 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарлануда. Оның ішінде, Д.Қонаев атындағы көшеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатса, Жеңістің 50 жылдығы, Алшынбаев, Құттыбаев, Қазақ көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жол құрылысы басталады.

Негізінен, аудан аумағында жалпы ұзындығы
263,3 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары бар
(44 шақырымы – республикалық, 111,6 шақырымы – облыстық, 107,7 шақырымы – аудандық маңызы бар жолдар).

Есепті кезеңде аудан бойынша жол саласына қатысты 5 жобаға 1,3 млрд. теңге қаржы бөлініп,
17,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстар жүргізілуде
(3 жоба – РБ 641,6 млн. теңге, 1 жоба – ЖБ 247 млн. теңге).

Атап айтқанда, Тереңөзек кентінде 7 көше (3,6 км)Қоғалыкөл ауылында 6 көше (2,8 км), С.Сейфуллин ауылында 6 көше (3,3 км), Бесарық ауылында 4 көше(6,3 км)  Қалжан ахун елді мекенінде 1 көше (1,8 км)жөндеуден өткізілуде.

БӨЛІСУ