Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 16 тамыздағы «Тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша 2024-2025 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы» №7 қаулысына сәйкес колледж медбикелері Г.Айжанова, А.Алпыс ұйымдастыруымен «Коронавирус инфекциясының алдын алу жолдары. Дұрыс және ұтымды тамақтану» тақырыбында колледж білім алушыларымен кездесу өткізілді.

Жиынға Жастар Денсаулық орталығының мамандары Мазқожа Гүлназ, Алдабергенова Айзат және №1 емхананың Жалпы тәжірибелік дәрігері Аружан Тұрахметова қатысып, студенттерге дұрыс тамақтану олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік беретіні, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетіне ықпалын түсіндірді. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейтіндігін нақты мысалдармен, танымдық материалдармен көрсетті.
Мақсаты: Білім алушыларға аталған дерттердің алдын алу шарасының ең тиімді және кең таралған түрі – медицина бетпердесін тағу, қоғамдық орындардағы сақтық шаралары туралы кеңірек ақпарат беру. Сондай-ақ дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу. Дұрыс тамақтана білу мәдениетіне тәрбиелеу. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға үйрету, гигиеналық талаптарды сақтау.

БӨЛІСУ