2024 жылғы 27 қыркүйекте Қызылордада Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен тағзым алаңында тәжік–ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алу, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аталған рәсімге департаменттің басшылық құрамы, тәжік–ауған соғысының ардагерлері, Шекара қызметінің ардагерлері және «Жас шекарашы»әскери–патриоттық клубының жас тәрбиеленушілері қатысты. Сонымен қатар, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де Р.Батырханов туралы ғылыми конференция өтті. Конференцияда Р.Батырханов жайлы деректі фильм көрсетіліп, батырдың жасаған ерліктері жайлы сөз қозғалды.