Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жылу беру маусымына дайындық барысы туралы мәжілістен соң облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі Ардақ Ибраимов бірқатар әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығын қарап, кенттегі көмір қоймаларын аралады.
Аудан әкімі көмір жеткізуші кәсіпкерлерге аудан тұрғындарын мерзімінде көмірмен қамтамасыз етуге шақырды.
Ауданда тұрғындар үшін осы уақытқа дейін 3540 тонна көмір қоймаларға жеткізілді. Бүгінгі күні еркін сатылымда қоймаларда 2090 тонна көмір қоры бар.
Сонымен қатар,11 вагон көмір яғни 770 тонна теміржол арқылы жолда келе жатыр.
Аудан әкімі жылу беру маусымы қатаң бақылауда тұрғандығын жеткізіп, қатты отынның қоры жылу беру маусымында тұтынушыларға толық жеткілікті болуын қамтамасыз етуді жауапты сала басшыларына тапсырды.