Сенаторлар медицина саласы өкілдерімен АЭС-ті талқылады.

Адам жанының арашасы, медицина мамандары қай заманда болсын үлкен құрмет пен мәртебеге ие. Қиын да, жауапты маман иелері күніне ондаған науқас қабылдап, емдеп, ота жасап, халыққа қалытқысыз қызмет етіп келеді.

Әрине, жиында көпшілікті толғандырған сауалдың бірі – атом энергиясының қоршаған ортаға, адамзатқа әсері жайлы болды.

Басқосуда Халықтық штаб мүшесі Руслан Рүстемов: Жақында Алматы іргесіндегі Ядролық физикалық институт жұмысымен таныстық. 1957 жылы негізі қаланған орталық еліміздегі жетекші ғылыми ұйымның бірі. Бұл жақта ғалымдар уранды толығымен іске асырып пайдалану жұмыстарын жүргізуде. Іске асыруға мүмкіншілігі жетпеген бөліктерін арнайы сақтау орындарына жинап, уақыт өте жаңа технологиялар көмегімен 90 пайызға дейін пайдаланып, қалдықсыз жұмыс жасауға ниетті. Бүгінде қоғамға атом станциясы салынған жағдайда оған қанша мөлшерде су кететіні, оның қауіпсіздігі жайлы ақпарат өзекті. Біз осы үшін арнайылап орталықтық жұмысымен танысқан болатынбыз. Станция тұтынатын су көлеміне келер болсақ, «Балхаш» көлінің булануынан ауаға тарайтын су мөлшелірінің 0,32 пайызы ғана станция жұмысына жетіп артылады. Сондай-ақ, орталықтық жұмысын «МАГАТЭ» халықаралық ұйымы ұдайы бақылайды. Ұйым мүшелері ресми, бейресми түрде де тексеру-бақылау жұмыстарын жүргізеді екен,-деді.

Кездесуде Еуропа, АҚШ, Ресей секілді дамыған елдерде атом энергетикасының тиімділік нәтижесі де талқыланды.

Өз сөзінде штаб мүшесі Наурызбай Байқадамов: Қазақстанға бес Франция сияды дейміз. Сол Францияның өзінде 56 атом станциясы жұмыс істеп тұр. Бүгінде халқымыз тұтынатын электр қуатының бір бөлігін көрші Ресейден сатып алып отырмыз. Бұл бір жағынан энергетикалық тәуелділік болса, екінші тұсынан тариф бағасының өсуі де халық қалтасына ауыр соғатыны анық. Сондықтан, елімізде атом энергетикасының тиімділігін арттырып, пайдасын көру қажет. Жер қойнауымызда пайдалы қазбалар жеткілікті. Соның бірі – уран. Уранды өндіру, атом энергетикасын дамытуда елімізді білімді мамандар бар.
Жақында біз барған Ядролық физикалық институт өкілдері келешекте қажетті мамандарды даярлауға мүдделі екенін атап өтті. Сондықтан, Мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен стартегиялық маңызды мақсат-міндеттерін әлеуметтік буын өкілдері ретінде Сіздер дұрыс түсініп, қолдайды деп ойлаймын,-деді.

Басқосуда қалалық Халықтық штаб төрағасы Ибадулла Құттықожаев атом энергиясының қоршаған ортаға тигізер әсері мен экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған негіздерге тоқталды.

Кездесу соңында сала өкілдері атом энергетикасына қатысты сауалдарын жолдап, штаб мүшелерімен пікір алмасты.

БӨЛІСУ