Өздеріңізге белгілі, қазіргі күні Қазалы ауданында 2500-ден астам педагог шәкірт тәрбиелеумен айналысады. Олар жыл сайын ауданның үздік мұғалімі атану үшін сайысқа түсіп келеді. Биыл «Үздік педагог» атағын беру конкурсының I кезеңі 22 – 28 тамыз аралығында өткізілді. Ал кеше ауданның бас ұстазы Әділхан Жөлекешов осы сайыстың үздіктерін қабылдады.

— Бізге мыңдаған мұғалімнің арасынан аудандық кезеңге 11 конкурсант қатысқаны белгілі. Демек, 11 ұстазымыз өздерін осы атаққа лайық деп ойлайды. Сондай мықтылардың арасынан оқ бойы озық шығуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Аудан мерейі сіздердің еңбектеріңіздің арқасында көтеріліп жүргенін талай көз көрді. Бұйырса, шебер деңгейін еңсеріп, елдің баласын елжандылыққа баулып жүре беріңіздер. Жеңіс құтты болсын! – деді Әділхан Оңдасынұлы.

Бөлім басшысы мыңнан жүйрік атанған №102 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұратбай Тамаша, №70 мектептің тарих пәні мұғалімі Ахметова Багила және №226 мектеп-гиназия информатика пәні мұғалімі Жалимбетова Нұргүлге гүл шоқтарын ұсынып, марапатын табыстады.

БӨЛІСУ