АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов және облыстық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов Сырдария ауданында медицина саласының өкілдерімен кездесті.
Айтулы кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған маңызды мәселенің бірі елімізде АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы сөз болған еді. Осы орайда АЭС салуды қолдау бойынша республикада, өңірлерде және аудандарда халықтық штабтар құрылып, тұрғындарға түсіндірме жүргізу жұмыстарын жасауда.
Медицина саласы өкілдерімен басқосуда республикалық штаб мүшесі Мұрат Әбенов АЭС қауіпсіздігіне қатысты естіген емес, көзбен көрген тәжірибесімен бөлісті.
“Корей мемлекетіне сапар барысында сол елдегі АЭС-тің жұмыс жасау принципімен таныстым. Бейбіт мақсатта жұмыс жасап тұрған атом электр станциясының маңында кәсіп те доңғалап, дамыған қалаларды байқадым. Таңғалғаным, атом электр станцияның жанында мандарин сатып отырған сатушыларды байқадым. Сол маңдағы азаматтардан сұрағанымда станцияның тұрғындарға тигізетін қаупі жоқ екен. Осындай технологиясы дамыған елдердің АЭС арқылы электр энергиясын өндіріп отырғанына қызықтым. Әрине қазіргі таңда біздің еліміз көршілес елдерден электр энергиясын сатып алуға мәжбүр. Ел бір орнында тұрмай күнделікті демографиялық ахуалымызда жақсарып келеді. Осы ретте, біздің де елімізге заманауи АЭС қажеттілігі жоғары'”,- деді Мұрат Әбенов.
Келесі кезекте сөз алған Халықтық штаб мүшесі Мархабат Жайымбетов энергетикалық шығындар және электр энергиясын өндірудің басқа да тетіктерінің тиімсіз жолдарын атап өтті.
“Өздеріңіз білесіздер энергияны өндірудің бірнеше жолдары бар. Су, жел, күн арқылы баламалы энергия көздерін өндіруге болады. Дегенмен табиғат тосын мінез көрсетсе бұлар жұмыс жасамай қалу қаупі басым. Ал, АЭС-тер заманауи технологиямен жұмыс жасайды. Қоршаған ортаға зияндық әсері жоқ. Қазіргі таңда тұрғындар шетелдерде болған АЭС жарыластары туралы көп сөз етуде. Олардың барлығы адами және техногендік сипатта болған. Қазіргі салынып жатқан АЭС-тер 9 баллдық жер сілкінісіне және 400 тоннаға дейінгі соққыға төтеп бере алады. Сондықтан қауіпсіздік жағынан еш алаңдамасаңыздар болады. Бүгінгі күн тәртібіндегі АЭС саламыз ба? ,салмаймыз ба? деген мәселені шешіп алсақ, кім салатыны келер кезектегі мәселе екенін атап өтті.
Шара соңында сала қызметкерлері сөз алып, АЭС салу бойынша өз ойларын жеткізді.