АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб өкілі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев Арал ауданындағы сапары барасында білім саласы өкілдері және жастармен кездесті. Шараға аудандық Халықтық штаб өкілдері Базарбай Төреахметов, Талғат Қанатовта қатысты.

Білім саласы қызметкерлерімен болған кездесуде Халықтық штаб өкілі Мұрат Ергешбаев алдымен елімізде білім саласына қатысыты атқарылып жатқан жұмыстарды атп өтті.

«Мемлекет басшысы ұстаздар мен білім саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, мұғалімдердің жалақысы мен әлеуметтік қамсыздандыру айтарлықтай өсті. Білім берудің инфрақұрылымдық мәселелері жүйелі түрде шешілуде. Барлық аудандарда «Жайлы мектептер» салынуда. Ұстаздарға білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы елімізді өркендету бағытында үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бүгінгі халық шешіміне беріліп отырған АЭС салу мәселесінде де болашақ жас кадрларды даярлау, оларға дұрыс бағыт-бағдар беруде ұстаздар қауымының алар орны орасан. Осы орайда еліміздің энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуіне мүмкіндік беретін болашақтың жобасын ұстаздар қауымы толық қолдайды деп сенемін»,- деді штаб мүшесі Мұрат Ергешбаев.

Жиында аудандық халықтық штаб төрағасы Базарбай Төреахметов қоғамдық санада қалыптасқан радиациялық қауіпті сейілту турасында атап өтті.

«Қазір көбіміз, атом десе радиация деп шошып жатамыз. Шыны керек, радиацияны күнделікті тұрмыста та алып жатырмыз. Мәселен, балаларымыздың қолына телефон беріп отырмыз. Ауыра қалсақ, рентгенге де түсіп жатырмыз. АЭС келсек, бұл мәселе бойынша ғалымдар, атом станциясының III+ буынының радиация әсерінің адам баласына еш зияны жоқ екенін айтып отыр. Сондықтан, бақуатты ел боламыз десек, балама жоқ атом электр станциясын салу мүмкіндігін жіберіп алмауымыз керек»,- деді Базарбай Төреахметов.

Кездесуде сала өкілдері мамандарды даярлау, атом құрылысы және халықаралық шарттар жайлы сауалдарын қойып, штаб мүшелерімен пікір алмасты.

БӨЛІСУ