Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, ауыл партиясының депутаты Қарақат Абден АЭС туралы студенттермен кездесу өткізді.

Кездесуге университеттің стратегиялық даму және IT жөніндегі проректоры Махмұт Томанов, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Қарақат Абден Қазақстанда АЭС салу мәселесі 5 жылдан бері көтерілгенімен, соңғы шешім халықтың қатысуымен референдум арқылы қабылданатынын жеткізді. Ғылым мен техника саласында АЭС-тің пайдасы барын, бұл ғылыми дәрежелердің өсуіне және мамандардың қалыптасуына ықпал ететінін жеткізді.

Қарақат Абден дамыған елдерде, мысалы, АҚШ-та 94 атом электр станциясы жұмыс істейтінін және бұл елдердің экономикалық дамуына серпін беретінін тілге тиек етті. Сондай-ақ Өзбекстанның АЭС салып жатқанын еске салып, Қазақстан энергияны сатып алмау үшін өз АЭС-ін салуы керектігін айтты.

Кездесуде оқытушылар мен студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, АЭС-ке байланысты өз ойларымен бөлісті. Олар энергетикадағы соңғы трендтер мен жаңашыл технологиялар жайлы толық ақпарат алуға мүмкіндік алды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттерге болашақта Қазақстанның энергетикалық стратегиясына үлес қосу үшін қажет білім мен дағдыларды игеруге мотивация берді.

БӨЛІСУ