Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қыздарды вакцинациялау басталды.

Бүгінгі күні республика бойынша 11-13 жас аралығындағы 1,6 мыңға жуық қыз АПВ-ға қарсы егілді.

Егілген жағдайлардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.
Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымын және халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың Ұлттық техникалық консультативтік тобының шешімін ескере отырып, 11 жастағы қыздар жоспарлы вакцинациялауға жатады.

Бұдан басқа, 11 жастан асқан қыздардың ата-аналарының өтініштерін ескере отырып, 12-13 жас аралығындағы қыздарды АПВ-ге қарсы толықтыра иммундау жүргізуді туралы шешім қабылданды.

Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес және өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес, АПВ-ден қорғау үшін 6 ай аралықпен вакцинаның екі дозасын алу қажет.

Бүгінгі күні АПВ-ға қарсы вакцинация еліміздің 9 өңірінде – Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Жетісу, Түркістан, Ұлытау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында жүргізілуде.

Аудандар, медициналық ұйымдар бойынша вакцинаны жеткізу және тарату мерзімдерін ескере отырып, 6 өңірде (Абай, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары) АПВ-ға қарсы ағымдағы вакцинация басталды. Қалған 5 өңірде вакцинацияны келесі аптада бастау жоспарланып отыр.

Вакцинация негізінен мектеп оқушыларын вакцинациялаудың басқа түрлері жүргізілетін мектептердің медициналық кабинеттерінде жүргізіледі.

АПВ-ға қарсы вакцинацияны қоса алғанда кез келген вакцинация кәмелетке толмаған баланың ата-анасының немесе оның қамқоршысының ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін ғана жүргізілетінін атап айту қажет.

Бүгінгі күні папиллома вирусын жұқтырудың және жатыр мойны обырының дамуының алдын алудың жалғыз әдісі вакцинация болып табылатынын еске саламыз.

Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, орта есеппен 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады.

ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ 74%-ЫНДА АПВ ОНКОГЕНДІ ТИПТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақ онкология және радиология ғылыми институтының зерттеу нәтижелері бойынша жатыр мойны обырының 74,2% жағдайында биопсиялық материалда адам папилломасы вирусының (АПВ) 16 және 18 онкогендік типтері анықталды, деп хабарлады ҚазОРҒЗИ басшысы Диляра Қайдарова бүгін брифингте.

Ол АПВ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу жатыр мойны обырының жиілігін 2 немесе одан да көп есе төмендетуі мүмкін екенін атап өтті.

ҚазОРҒЗИ деректері бойынша жатыр мойны обырының 99%-ы, вульва және қынап обырының 75%-ы, аногениталии сүйелдердің 90%-ы АПВ инфекциясына байланысты

АПВ – әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. 50 жасқа дейінгі әйелдердің 80%-ы өмір бойы АПВ жұқтырады.

Инфекция кез-келген жаста болуы мүмкін, бірақ инфекцияның шегі 25 жасқа дейін болады
Вирустың созылмалы тұрақтылығы жатыр мойны обыры мен обыралдының дамуына әкеледі

11-13 жаста қыздарға вакцинациялау бағдарламасын енгізу АПВ-ны жұқтырудың алдын алады.

Мысалы, Шотландияда АПВ-дан вакцинациялауды енгізер алдында 20 жастағы қыздарға жаппай скрининг жүргізілді, олардың 30%-ы адам паппиомасы вирусының 16 және 18 онкогендік типтерін жұқтырған. АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізгеннен кейін 7 жыл өткен соң, қыздардың келесі буынының арасында АПВ-ның таралуы 4,5%-ға дейін қысқарды.

АПВ вакцинациясының ұлттық бағдарламасы 135 елде иммундау күнтізбелеріне енгізілген. ТМД елдерінде АПВ вакцинациялау бағдарламасы Армения, Грузия, Молдова, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстанда енгізілді.

БӨЛІСУ