Жастар – ел келешегі. Қоғамның драйвері. Бүгінде талантымен, білімімен елімізге ғана емес әлемге аты шыққан жерлестіріміз көп. Нар тұлғалы аға ұрпақтың ізін жалғап, ел келешегін қолына алып, батыл да маңызды оқиғалардың қасынан табылып, ортақ мүдде үшін қызмет етіп жүрген жастар қауымы қаламызда да жетерлік.

Бүгін атом энергетикасының ел үшін тиімділігі мен пайдасын жан-жақты сұрыптап, ресми ақпарат көздерінен атом станцияларының маңызын зерттеген бір топ жас ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов және Руслан Рүстемов болған кездесіуде референдумда жасыл энергияны қолдауға ниет білдіріп отыр.

Кездесуде Халықтық штаб мүшесі Наурызбай Байқадамов: Күніне қаншама пайдалы, озық технологиялық құрылғылар ойлап табылуда. Оның ішінде көліктер де, ұялы телефондар да бар. Сол секілді, атом станциялары да бір орында кідірмей, араға уақыт салып өзгеріске ұшырауда. Бүгінде ІІІ+ буыны өзінің тиімділігін дәлелдеп, бірқатар мемлекеттерде тәжірибеден өтті. Біздің елде АЭС салынар болса, осы буын назарға алынбақ. Сондықтан, атом энергетикасының әлеуетін жастар өз арасында ақпараттандырып, насихаттап жүру керектігін айтты.

Ал, атом станциясының құрылысы мен тиімділігіне тоқталған штаб мүшесі Руслан Рүстемов: Атом станциясы кемінде 5-10 жыл салынады. Бұл уақытта қаншама жұмыс орындары ашылып, елдің әлеуеті жоғарылайды. Жалпы, атом энергиясы – болашақ кепілі. Бүгінде дарынды, білімді отандастырымыз әлемнің бірнеше мемлекеттерінде, халықаралық ұйымдарында атом энергетикасын зерттеумен айналысып, жемісті еңбек етуде. Сондықтан, бізде кадр әлеуеті жетерлік деген пікір білдірді.

Кездесуде жас буын өкілдері штаб мүшелерімен еркін сұхбаттасып, атом энергетикасы туралы өз ойларын ортаға салды.

БӨЛІСУ