Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов және облыстық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов Жаңақорған ауданына арнайы келіп, «СКЗ-U» ЖШС ұжымымен кездесті.

Онда Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды.

«Бүгіндe өзіміздeгі элeктp қуaтының тaпшылығын көpшілeс eлдepдeн кeлeтін элeктp aғындapымeн жaуып oтыpмыз. Элeктp энepгиясын тұтыну жыл сaйын өсіп, зaмaн тaлaбынa сaй eлдің қaжeттілігі apтып жaтыp. Сoндықтaн eліміздің энepгeтикa жүйeсінің тұpaқтылығын қaмтaмaсыз eтeтін біpдeн-біp қaуіпсіз, сeнімді, экoлoгиялық тaзa AЭС жoбaсы бoлмaқ», – деді күн тәртібіндегі өзекті мәселенің ел болашағына қажеттілігін кеңінен жеткізген Халықтық штаб мүшесі Мұрат Абенов.

Облыстық Халықтық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов АЭС-тің eл экoнoмикaсынa және энepгeтикaлық тәуeлсіздікті нығaйтуғa тигізeтін ықпaлы жайында ақпарат беріп, ұжым мүшелерін 6 қазан күні дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

Мұнан соң Халықтық штаб өкілдері Сунақата ауылында болып, ауыл тұрғындарымен пікірлесті. Кездесуде ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салып, атом электр станциясын салудың перспективасына қатысты өз ойларын жеткізді.

Жиында АЭС-тің экологияға әсері, радиациялық қауіптерді басқару және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндіктері туралы толық ақпаратқа қаныққан тұрғындар Мемлекет басшысының АЭС салу жөніндегі бастамасын қуаттайтындарын білдірді.

БӨЛІСУ