Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары мен этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесу өтті. Кездесуге облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Баймырза Қожамберлиев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Айгүл Мұсабаева, «Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалының төрағасы Наталья Мишукова, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Елена Ан қатысты.
Кездесуде облыстық мәслихат төрағасы М.Тлеумбетов Ассамблеяның этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жолында сындарлы саясат жүргізе алатын тиімді құрал ретінде танылып келе жатқандығына тоқталды.
– Ағымдағы жылғы 29 сәуірде Мемлекет басшысы, Ассамблея төрағасы Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІІІ (33-ші) сессиясы өтті. Президент кезекті сессияда Жергілікті мәслихаттар мен этномәдени бірлестіктердің өзара тығыз қарым-қатынаста қызмет атқаруын үйлестіруге ерекше назар аударды.
Осы ретте, өздеріңізге белгілі аймақ басшысы Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы «Жасампаздық пен өрлеу жолындағы бірлік» тақырыбындағы Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті ХХVІ сессиясын өткізіп, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.
Қазір облыста жоғарыда аталған хаттамалық шешімдер жүзеге асырылуда. Осы орайда, бүгін біз жергілікті мәслихаттар аппараттарының облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен тұрақты өзара сындарлы қарым-қатынас орнату мақсатында жиналып отырмыз, – деді облыстық мәслихат төрағасы М.Тлеумбетов.
Мұнан соң, кездесуге келген Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Қожамберлиев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты А. Мұсабаева, «Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалының төрағасы Н.Мишукова, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Ан сөз алып, аймақтағы ұлтаралық келісім мен ынтымақтың жай-күйі, өңірдегі этносаралық келісім мен тұрақтылықты ұдайы жетілдіру мен ассамблея құрылымдарының жұмысын жандандыру бағытында келелі ойлар ортаға салынып, өзара ой-пікір алмасты.
Айта кетсек, алдағы уақытта облыстық мәслихат депутаттарының облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары мен жергілікті этномәдени бірлестік өкілдерімен бірге «Депутаттық сағат» жобасы аясында тұрақты кездесулер өткізілетін болады.
2024-09-24