Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша қалалық ақпараттық тобымен кездесу өтті.

Жиында Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай сөз бастап, Жолдауды жүзеге асыру экономиканың одан әрі өркендеуіне, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететінін айтты.

Кездесуде профессор Нұрбол Аппазов елімізде АЭС бойынша ғылыми түсінік берсе, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жұмабек Әлиев АЭС құрылысының маңыздылығына тоқталды.

“Елімізде соңғы бес жылда электр тапшылығы байқалады. Біз болашақты ойлауымыз керек. Он жылдан кейін де бұл өзектілігін жоғалтпайды. Электр энегиясын қажет ететін әлі қаншама елді-мекендер бар. Сондықтан елдің өркендеуі үшін, өндірістің дамуы үшін АЭС құрылысы қажет деп есептеймін. Бұл мәселе қоғамда кеңінен талқылану керек”,- деді Жұмабек Әлиев.

Қатысушылар Президент Жолдауында айтқан басым бағыттарға жіті тоқталып, жан-жақты талқылады. Айта кетейік, 6 қазан күні елімізде жалпыхалықтық Референдум өтеді.

БӨЛІСУ