АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов және Мұрат Ергешбаев «Қызылорда» сауда үйінің тұтынушыларымен ЭКСПРОМТ-кездесу өткізді.

Аймағымыздағы беделді сауда үйінің біріне айналған «Қызылорда» супермаркеті жергілікті халықтың көп шоғырланатын, сауда жасайтын алаңына айналды. Ірі сауда орталықтары секілді бұнда да электр қуаты сұранысқа ие.

Кездесуде штаб мүшесі Мұрат Әбенов: Осыдан он жыл бұрын Қызылорда облысы 12 млн. тонна мұнай өндірсе, бүгінде оның көлемі үш есеге азайып отыр. Жер қойнауындағы байлықтардың сарқылуы елдің әлауқатына да әсер етеді. Сондықтан, тұрақты энергия көзі ретінде атом энергетикасын дамыту тиімді. Себебі, еліміз уран өндіруден алдыңғы қатардан орын алады. Бүгінде сала мамандары уранды өндіріп, керекті таблеткаларын әзірлеуде. Жұмыстың қиынын істеуде. Демек, оның тиімді тұсын да пайдаланып, сарқылмас электр қуатын өндіруіміз қажет,- деді.

Ал жасыл энергияның балама түрлері жайлы сөз қозғаған штаб мүшесі Мұрат Ергешбаев: Халық тарапынан күн сәулесінен де энергия өндіру бойынша пікірлер айтылуда. Күн, жел, су секілді табиғи факторларға тікелей қатысы бар нәрселерден тұрақты энергия көзі шықпайды. Оның үстіне күн сәулесінен қуат алатын құрылғылардың да тоқ бергіш батареялары белгілі бір деңгейде қоршаған ортаға зиян. Оны халықаралық ережелерге сай пайдалану керек, мерзімі өткен соң сол ережелер аясында өңдеу керек. Ал атом энергетикасында уранды қайта өндеп, пайдалануға да болады,-деді.

Төтеннен болған кездесуде сауда үйі тұтынушылары атом энергетикасына байланысты толғандырған сауалдарына жауап алды.

БӨЛІСУ