Жыл сайын қыркүйектің үшінші сенбісінде халықаралық хирург күні – медицинадағы ең қиын бағыттағы дәрігерлердің кәсіби мерекесі атап өтіледі.

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 2 мыңға жуық хирург жұмыс істейді, жылына еліміздің медициналық жоғары оқу орындары мамандардың қатарына қосылуға дайын 100-ден астам жас маманды даярлап шығарады.
Жыл сайын 160 мыңға жуық жоспарлы және шұғыл операциялар жүргізіледі.
Халықты қолжетімді және сапалы хирургиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі стандарттарды, жалпы нормативтік базаны жақсартады, прогрессивті медициналық технологияларды енгізуге, ауруханаларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Қазақстан хирургиясында аз инвазивті араласулар, роботтандырылған жүйелер және эндоскопиялық техника белсенді енгізілуде. Операциялық блоктар операцияларды ең аз жарақаттаумен және жоғары дәлдік деңгейімен жүргізуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған.
Бүгінде Қазақстан «ашық жүрекке»күрделі операция жасауға қабілетті әлемнің 22 елінің қатарына кіреді.

Сыр өңірінде  биыл  29 жоғары технологиялық медициналық қызмет түрі көрсетілсе, былтыр аталмыш қызметке 48 тұрғын жүгінген. Жоғары технологиялық медициналық қызметті диагностика мен емдеудің бірегей әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, ашық жүрекке жасалатын оталар, жүрек, бауыр, бүйрек трансплантациясы, ми ісіктеріне арналған нейрохирургиялық және басқа да күрделі ауруларға  емдеу жүргізіледі.

БӨЛІСУ