Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарованың төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Жиынға бөлімге қарасты барлық мектептер мен мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің басшылары және есепшілері қатысты.
Күн тәртібінде келесідей мәселелер қаралды
1. Жаңа оқу жылына дайындық мәселелері:
-Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері;
-Білім беру ұйымдарының жай-күйі;
2. Тәрбие процесінің ұйымдастырылуы, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен жыныстық қолсұғушылық, буллингтің алдын алу мәселелері;
3. Ағымдағы жылғы ҰБТ қорытындысы, мемл.грант мәселелері жөнінде;
4. Қаржы-шаруашылық мәселелері;
-Сыбайластық жемқорлықтың алдын алу, кадрларды орналастыру жөнінде;
5. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жай-күйі, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылып отырған балабақшалар мен мектеп жанындағы шағын орталықтардың оқу-тәрбие жұмысы, балалардың күнделікті қатысуы жан-жақты қаралды.
Жиын соңында бөлім басшысы Санира Нұрқожақызы жаңа оқу жылындағы мақсат – міндеттерді айқындап, жүйелі жұмыс жасауға шақырды. Сондай-ақ балалар арасында кеңінен таралып жатқан “SCHOOLBOY RUNAWAY, КРАСНЫЙ ДЕЛЬФИН” сынды қауіпті ойындар жөнінде сөз болып, оның алдын алу шаралары талқыланды. Яғни оқушылардың аталған ойындарды ойнамауын қадағалап, ата-аналарына да түсіндірме жұмыстары жүргізілу керектігі ескертілді.
Одан соң директорлар мен меңгерушілер тарапынан пікірлер айтылып, ұсыныстар назарға алынды. Зерделеу барысында аудандық білім бөліміне қарасты мектептер мен мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде анықталған кемшіліктерді дереу ретке келтіріп, берілген тапсырманы уақытылы әрі сапалы орындау керектігі қатаң тапсырылды.