Бүгін Шиелі ауданында болған АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Керделі ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, АЭС салу мәселесінің маңыздылығын жеткізді.

Кездесуде сөз алған Сенат депутаты Наурызбай Байқадамов мамандардың электр қуатын тұтыну көлемінің артып отырғандығын атап өтті.

«Жалпы мамандар электр қуатының жыл сайын 3 пайызға артып отырғандығын айтуда. Ал өзімізге келсек, электр қуатын өндіруде көмірдің рөлі басымырақ. Яғни, электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі. Демек, ауаға тарайтын көмірқышқыл газының да үлесі артуда. Улы заттардың қосындысы қоршаған ортаға да кері әсерін тигізуде. Осы орайда дамыған елдер жасыл энергия саналатын атом станциясының жұмысын жандандыруда. Атом энергетикасы қоршаған ортаға қолайлы, ел экономикасына тигізетін септігі мол сала. Соның негізінде Мемлекет басшысы халыққа жолдауында жалпыхалықтық референдум арқылы маңызды таңдау жасау қажеттілігін атап өткен болатын» – деді.

Ал, Сенат депутаты Руслан Рүстемов атом энергетикасының жаһандағы дамуы төңірегінде тоқталды.

«Қазіргі уақытта бүкіл әлемде жұмыс істеп тұрған реакторлардың көпшілігі II буын реакторлары болып табылады. Қазіргі уақытта III және III+ буын реакторларының саны көп емес. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл реакторлар дүние жүзінде ондаған жылдар бойы жұмыс істейтін болады. қару үшін қандай шаралар қолданылуда? III буын реакторларының орташа жұмыс уақыты 60 жылға есептелген, реакторлық корпусты толық жөндеу және ауыстыру арқылы пайдалану мерзімін 100 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Бастапқы лицензияның мерзімі аяқталғаннан кейін ядролық қондырғыларды ұзақ мерзімді пайдалану көптеген елдерде қалыпты жағдайға айналды»,-деді ол.

Басқосуда ауыл тұрғындары атом энергиясы, станциялары жайлы біраз мәліметтерден хабардар болғанын жеткізіп, Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын айтты.Олар ұрпақтың келешегі үшін АЭС құрысы маңызды деп санайды.

БӨЛІСУ