Бүгінгі таңда аудан орталығы – Әйтеке би кентінде 20-дан астам жасанды спорт алаңдары болса, оның біршамасының жағдайы көңіл көншітпейді. Себебі сол аймақтағы тұрғындардың спорт алаңдарын күтіп ұстамауы салдарынан алаңдар жарамсыз күйге ұшыраған. Бұған қатысты аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет спорт саласына қатысты өткен жиында аудан орталығы мен елді мекендердегі алаңдарды күтіп ұстаумен айналысатын арнайы адам бектіу жөнінде де тапсырма берген болатын.

Осыған сәйкес бүгін аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі жасанды спорт алаңдарын аралап көріп, олардың жай-күйін көрді. Сондай-ақ Әйтеке би кентінің әкімі мен аудандық спорт бөлімінің басшысына алаңдардың жай-күйін саралап, демеушілік есебінен спорт алаңдарын қайта қалпына келтіру жөнінде және уақытылы күтіп ұстауға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Аудан басшысы спорт алаңдарын аралау барысында Жалаңтөс баһадүр атындағы орталық стадионныңда жағдайын көріп, аудандық спорт бөлімінің басшысына алдағы уақытта орталық стадионға да жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті шараларды қолға алу керектігін айтты.

БӨЛІСУ