Жаңақорған ауданы көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шара жоспары аясында «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» және «Жұмабек» ШҚ, «Баспақкөл» ШҚ, «Ислам» ШҚ, ДК «Шанжархан», «Несібе-А» АӨК қызметкерлерімен бірігіп 2024 жылдың қыркүйек айының 18-19 күндері Р-11, Р-16 каналы бойынан балық шабақтарын құтқару жұмыстары жүргізіліп, Кіржуған көлі, Жыңғылдысай көлі, Қойлық-Ата көлі, Тынысбек көлі, Имаш көлі, Қалғандария – 1, Баспақкөл, Мырзакөл су айдындарына әртүрлі балық шабақтары жіберілді.
Аталған шараға 20 қызметкермен 5 арнайы техника жұмылдырылып 280,0 мыңнан астам әртүрлі балық шабақтары құтқарылды.
Бұл жұмысқа балық шаруашылығы субъектілері, еріктілер, сондай-ақ күріш өсіретін ұйымдардың өкілдері қатысты. Нәтижесінде Атырау облысында 56,7 млн.балық, Түркістан облысында – 10,3 млн, Қызылорда облысында – 8,3 млн., басқа өңірлерде – 9,9 млн шабақ балық құтқарылды. Құтқарылған балықтардың түрлік құрамы-сазан, ақмарқа, мөңке, қарға, құмай, осман, көксерке, алабұға, шортан, тұқы, табан, торта, оңғақ. Балық ресурстарын сақтау бойынша іс-шараларды өткізуге 851 адам және 153 бірлік техника жұмылдырылды.Ихтиологтардың мәліметтері бойынша Қазақстанда балықтың 100-ден астам түрі мекендейді. Олардың 70-і өнеркәсіптік құндылыққа ие, 18 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
2024-09-23