Кеше Сыр өңіріне келген АЭС қолдау жөніндегі халықтық штаб өкілдері бетон өндірілетін зауытқа барып, құрылыс саласының өкілдерімен кездесті. Мұнда халықтық штаб мүшесі, «Respublica» партиясының Төрағасы Айдарбек Қожаназаров бейбіт атом құрылыс саласы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
«АЭС салу кезінде отандық құрылыс компаниялары жоғары жүктеме алады. Яғни, тек атом станциясы ғана емес, сонымен қатар ілеспе инфрақұрылым да қоса салынады: кірме жолдар, қызметкерлерге арналған тұрғын үйлер, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары»,- деді ол.
Кездесуде сан түрлі сауалдарға жауап алған құрылысшылар тұрақты энергия көзінің салаға тигізер пайдасының орасан екенін тілге тиек етіп, АЭС салу маңызды шешім екендігін жеткізді.