Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов бастаған Халықтық штаб өкілдері Dalatex тігін фабрикасында болып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен өнеркәсіптік нысандарды тұрақты энергиямен жабдықтаудың маңызын талқылады.
Электрмен жабдықтау проблемасы – барлық өңірге ортақ. Энергия жетіспеушілігі жаңа өндіріс орындарының құрылуын тежейді. Қызылорда облысында соңғы екі жылда электр энергия тұтыну көлемі артқаны байқалады. Өңірде ондаған тұрғын-үй, әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандар іске қосылды. Бұл желідегі электр қуатының 23%-ға төмендеуіне әкеліп соқтырды. Атом электр станциясы осы мәселені шеше алады. Қолданыстағы ЖЭО-мен салыстырғанда оның артықшылығы әлдеқайда жоғары екендігін жеткізді спикерлер.
Электр қуатының тапшылығы кәсіпорын жұмысын қаншама шығынға соқтыратындығын айтқан ұжым мүшелері Президент бастамасын бір ауздан қолдайтындықтарын айтты.