Ерекше қауіпті шегіртке зиянкестерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жалғасуда.

2024 жылдың 19 қыркүйегінде Қызылорда облысы Арал ауданының Ақтөбе және Ұлытау облыстарымен шектесетін аймақтарында күзгі күбіршектердің қыстау алдында физиологиялық жағдайын, таралу көлемін және келер жылға өңдеу көлемін жоспарлау мақсатында жиын өтті.

Аталған жиынға ҚР АШМ АӨК МИК Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы  Мұхтар Әуесұлы, Арал ауданы әкімінің орынбасары  Бектемір Ұлыбекұлы, Ұлытау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы  Жанқозы Әбікенұлы, Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы  Бақытқали Батырбекұлы, ҚР АШМ АӨК МИК “РФДжБӘО” РММ- лерінің басшылары және өсімдіктерді қорғау бөлімдерінің басшылары қатысты.

Облыс аралық шекарада өткен кездесуде мемлекеттік жер қоры жерлерінде ерекше қауіпті зиянды организм италиялық прус зиянкесінің күзгі күбіршектеріне қарсы мониторинг жұмыстары жүргізілді. Жалпы 1500 га жер көлемі зерттеліп, 1 шаршы метр жерде орта есеппен 1-4 дана күбіршектердің қоныстанғаны анықталып отыр.

Қызылорда, Ұлытау, Ақтөбе облыстарымен шектесетін шекара аумағында ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы бірлескен зерттеу жұмыстарының актісі жасалып, мониторинг жұмыстары тиісті деңгейде атқарылды.

Алдағы уақытта, облыс аралық мониторинг жұмыстары әрі қарай жалғасып, зиянкестерге қарсы күресу шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып, келісім шеңберінде фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілетін болады.

БӨЛІСУ