Ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні Тереңөзек кентіндегі Сырдария аудандық аграрлы-техникалық колледжі студенттері мен Шаған ауылдық округіндегі №37 мектеп-лицейінің жоғарғы сынып оқушылары арасында Жамбыл облысы, “Дін проблемаларын зерттеу орталығы” инсекторы, дінтанушы Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлының қатысуымен экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық түсіндіру семинары ұйымдастырылды. Семинар барысында жастардың зкстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу бағытында әңгіме өрбіді.

Жиын барысында ұлттық діл және діни құндылықтар аясында тыңдаушыларға рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру бағытында мәдениетіміз бен тарихи мұраның маңыздылығын, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың қауіптілігі туралы айтып өтті.
Интернет пен шетелден діни білім, ақпаратты алудың қаупін республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, спикер Бердібек Нұрхат Маратұлы баяндап, діни мазмұндағы дұрыс мәліметті алу көздерін ұсынды.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан Е.Ж.Жақыповқа сұрақтар қойып, тұщымды жауаптарын алды.

БӨЛІСУ