Президент өз сөзінде: «Еріктіліктің мәні – жақсы ниетпен бір нәрсе жасау, ал ол біздің ұлттық дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызға сәйкес келетінін білеміз. Еріктілік-бұл жай ғана тегін жұмыс емес, азаматтардың жауапкершілігінің және әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайындығының көрсеткіші. Оны тек бір реттік сенбіліктер мен экологиялық іс-шаралар-челлендждер ретінде қабылдау қате. Еріктілік-бұл жүйелі және тұрақты қызмет. Егер қаласаңыз, бұл жанның қалауы және өмір салты… Еріктілікті тек ұлттық ауқымда ғана емес, сонымен қатар әр қалада және ауылда да дамыту керек» деген.
Осы мақсатта, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 13 қыркүйегінде бір мезетте «Мемлекеттік қызметшілердің мұқтаж жандарға көмек көрсетудегі күш жігерін біріктіру бойынша науқаны» өткізілді.
Науқанға 31 жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Науқанның мақсаты мұқтаж жандарға көмек көрсету арқылы адамдарға жылулық пен мейірім сыйлау, үлгі болу және таза ниетпен қолдан келетін іспен көмектесу.
Осы науқанда әртүрлі бағытта, атап айтқанда мұқтаж жандарға қаржылай көмек көрсету, азық-түлікпен қамтамасыз ету, ардагерлердің үйлеріне санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу және ерекше балалармен кездесу сияқты шаралар өткізілді.
Науқан аясында Арал ауданы әкімі аппараты мен Қармақшы ауданы әкімі аппаратының өткізген игі істерін ерекше атап өткен жөн деп санаймын.
Яғни, Арал ауданы әкімінің орынбасары ерекше балдармен кездесіп, оларға өзінің жылы пікірін білдіріп, қуаныш сыйлайтын сыйлықтар таратты. Сондай-ақ, 17 қарт адамдарға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және жағдайы төмен отбасыларға азық-түліктер таратты.
Ал, Қармақшы ауданы әкімі аппараты ауданның жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі 1 отбасына тұрғын үй беріп, 3 отбасының тұрғын үйіне газ кіргізіп берді, сондай-ақ, 13 отбасыға азық-түлік себеті таратылды.
Бұдан бөлек, басқа жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерімен 50-ден аса отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілсе, 30-дан аса отбасыға қаржылай көмек берілді, 7 ардагерлер мен қарт кісілердің үйіне санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Күш біріксе, көш іркілмейді» демекші, мемлекеттік қызметшілердің жасап жатқан игі істері бірлескен күш жігеріміздің арқасы деп білемін.