Бүгін таңертең 12 жастағы оқушы 13 қабаттан секіріп кетті. Жасөспірім үйінен қосымша сабаққа бармақ болып шыққан. Алайда 7 қабаттағы пәтерінен шыққан бойда 13 қабатқа көтеріліп балконнан секіріпті. Телефонындағы соңғы смс “Мен қазір секіремін” деп тұр дейді.
Оқиға Алматының Бостандық ауданында болған. Анасының айтуынша оқушы қыз соңғы үш аптада телефоннан әлдебір ойынды ойнаған.
Ақпаратты журналист Жазира Бегалы парақшасында жариялады.

БӨЛІСУ