Полиция стоматологиядан 13 мың вейп тәркіледі Жедел бөлімшенің мәліметінше, стоматологиялық емханалардың бірінде электронды темекінің заңсыз айналымы анықталған. Тінту кезінде емхана қоймасынан 13 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді.

-Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотты болған 32 жастағы ер адам анықталды және ұсталды, ол электронды темекінің заңсыз айналымын жасағанын мойындады. Оның айтуынша, ол заңсыз баю мақсатында досының емханасында уақытша сақтау үшін қойма ұйымдастырып, тыйым салынған вейп құралдарын жасырын сатумен айналысқан. Қылмыстық істі Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 301-1-бап

БӨЛІСУ