Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің тапсырысымен ағымдағы жылдың 19 қыркүйегі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде студент жастар арасында экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық түсіндіру семинары ұйымдастырылды.

Семинарда жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу бағытында әңгіме өрбіді.
Жиын барысында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, спикер Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы ұлттық діл және діни құндылықтар аясында тыңдаушыларға рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру бағытында мәдениетіміз бен тарихи мұраның маңыздылығын, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың қауіптілігі туралы айтып өтті.
Интернет пен шетелден діни білім, ақпаратты алудың қаупін республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, спикер Бердібек Нұрхат Маратұлы баяндап, діни мазмұндағы дұрыс мәліметті алу көздерін ұсынды.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан спикерлерге сұрақтар қойып, тұшымды жауаптарын алды.

БӨЛІСУ