Сыр өңіріндегі жұмыс сапары барысында АЭС-ті қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб басшысы, Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, штаб мүшелері «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Заитов Қазақстан аумағына күріш өсіретін шаруашылықтарымен танымал Сырдария ауданына қарасты Ақжарма және Нағи Ілиясов ауылдарында болып, жергілікті тұрғындармен, ақсақалдармен кездесті.
Штаб мүшелері тұрғындармен әңгімелесу барысында ауылдық аумақтарды дамыту перспективалары мен ауыл тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.
Кездесуде сөз алған «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев ауыл тұрғындарын алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.
«Халықтық штаб мүшелері өңірлерді аралау барысында көтеріп жүрген басты мәселе – алдағы 6 қазанда өтетін референдум. Қазақстан халқының атом электр станциясын салуға қатысты көзқарасы – аса маңызды. Сондықтан референдум өткізілетін күн туралы шешім қабылданған кезде Қазақстан Республикасының барлық қоғамдық және саяси күштері бірікті. Себебі бұл – жалпыұлттық мәселе. Ол қандай да бір саяси немесе қоғамдық көзқарасқа бөлінбейді. Оның әрқайсымызға қатысы бар», – деді ол.
Қос ауылда өткен кездесулер барысында елдегі ағайын АЭС –ке қатысты сан аулан пікірлердің шынайылығы мен нақтысын ауылға арнайы ат басын бұрып келген нағыз сала мамандарынан естіп, елдің болшағы үшін қолға алынғалы отырған бастаманың сәтті жүзеге асуын тіледі.