Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылдың 19 қыркүйегіндегі №361-ж бұйрығына сәйкес Алипов Қадірбек Раманқұлұлы «Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігерінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Бүгін, осыған сәйкес аудандық емхананың мәжіліс залында орын алған кадрлық өзгеріске байланысты жиын өтті. Басқосуға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Әбубәкірова арнайы келіп қатысты.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков ашып беріп, бұған дейін аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарып келген Бақытгүл Әлмәмбетқызының аудандағы денсаулық сақтау саласының дамуы мен ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі жайында айтып өтті. Сондай-ақ, аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің «Құттықтауын» табыстап, ризашылығын жеткізді.

Мұнан соң облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Исақызы Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы лауазымына жаңадан тағайындалған Қадірбек Раманқұлұлын таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Қадірбек Раманқұлұлы – 1987 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2010 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Әл-Фараби атындағы ұлттық университетін «Денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілендіру» магистрі.

Еңбек жолын 2011 жылы №4 Қызылорда қалалық емханасының жасөспірімдер дәрігері болып бастаған.

2013-2019 жылдары «Қызылорда қалалық ауруханасының» траматолог дәрігері, 2019-2021 жылдары «Қызылорда қалалық ауруханасының» ота бөлімінің меңгерушісі, 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Көп бейінді қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы комуналдық мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.

БӨЛІСУ