Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, арнайы құрылған жұмысшы топ аудандағы сұйытылған газ операторларының қызметіне мониторинг жүргізді. Бұл шара облыс басшысының сұйытылған газ сатылымына енгізілген шектеулерді (лимит) алып тастау жөніндегі тапсырмасының орындалуын бақылау мақсатында ұйымдастырылды.

Мониторингке аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, қоғамдық даму бөлімінің басшылары мен Жосалы кентінің әкімі қатысты. Олар аудандағы газ операторларының шектеулерді алып тастау бойынша жұмысын қадағалады.

Тексеру нәтижесінде аудандағы газ операторларының басым бөлігі шектеулерді алып тастап, сұйытылған газды еркін сатылымға шығарғаны анықталды. Қазіргі уақытта аудан халқы үшін сұйытылған газдың қолжетімділігі толығымен қамтамасыз етілген.

БӨЛІСУ