Сырдария ауданы Полиция бөлімі және жастар ресурстық орталығы, кент әкімдігінің қызметкерлері,Сырдария аудан прокуроры, аудан әкімдігінің қызметкерлері және

денсаулық сақтау бөлімінің қызметкері,аудандық білім бөлімі, жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп Тереңөзек кент орталығындағы дүкендер,кафелер жасөспірімдер көп шоғырланатын жерлерде араланып, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу түнгі уақытта қала аумағында жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және тұрғын жайдан тыс жерлерде болған жасөспірімдерді анықтау мақсатында, түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Түнгі рейд барысында ата-ананың еріп жүруінсіз мекен-жайдан тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, аналарына Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабымен әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Жасөспірімдер арасында басқаруға құқығы жоқ мапетті айдаған кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127- баптың 1-бөлігімен ата-анасына шара көрілді.
Әрбір ата-аналар назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз.
Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.

БӨЛІСУ