Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Закидің Сыр өңіріне жұмыс сапары аясында облыс тұрғындарымен кездесуі өтті.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттер сарайында өткен кездесуді облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов ашып, жүргізіп отырды.
Ш.Байманов алғысөзінде аймақтағы оқу-ағарту, жоғары білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Өз кезегінде Дархан Жұмаханұлы жиналған қауымға еліміздегі ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша есебін баяндап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Жиын соңында Шахмардан Асқарұлы Дархан Жұмаханұлының өңірдегі жұмыс сапарына сәттілік тілеп, аймақ тұрғындары атынан алғысын білдірді.
Айта кету керек, Д.Ахмед-Закидің «Ғылым қоры» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұйымдастыруымен өтетін 3 күндік «Қазақстан Республикасындағы тау-кен өндірісі саласының технологиялық дамуы» тақырыбындағы ғылыми-инновациялық хакатонына қатысып, облыстағы уран өндіру кен орындарының жұмысымен танысуы жоспарланған.
Аталған ғылыми-инновациялық шараға еліміздің 10-нан астам жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысады.