Абай облысында әскери қызметші өлі табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аягөз гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“19 қыркүйекте жұмыстан тыс уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, офицер өзіне-өзі қол жұмсаған”, – деп хабарлады гарнизон.
Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Әскери қызметкердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Марқұм бұл қызметке қыркүйектің басында ғана орналасқан екен.