Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Қызылорда облысының Іскер әйелдер кеңесінің кездесуі өтті. Жиында өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша маңызды мәселелер талқыланды.
Кездесудің негізгі бөлігінің бірі университеттегі білім беру, мәдени және әлеуметтік маңызды жобаларды қолдау мақсатында құрылған “Korkyt ata endowment” корпоративтік қорының таныстырылымы болды. Қор директоры Маржан Базарханова әлеуметтік жауапты бизнесті дамыту және өңірдің адами капиталына ұзақ мерзімді инвестиция салудың маңыздылығын атап өтті.
“Біздің қор жас таланттарды, білім беру бастамаларын және ғылыми зерттеулерді қолдауға бағытталған. Осылайша, біз қоғамның өсуіне және дамуына ықпал ететін ресурстарды пайдалана отырып, өңірдің дамуына үлес қосуды көздейміз. Білім мен мәдениетке құйылған инвестиция – Қызылорданың болашағы”, – деді Маржан Базарханова.
Кездесу қатысушылары қордың бастамаларын белсенді қолдап, әлеуметтік әріптестік аясында бірлескен жобаларды дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Іс-шара соңында қатысушылар сұрақ-жауап сессиясында белсенділік танытты.