Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» және «Артспорт» бағдарламаларының өңірде жүзеге асырылуы талқыланған мәжіліс өтті.
Аймақ басшысы аталған бағдарламалар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы біздің өңірде былтыр бастау алды. Өткен жылы республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге қаржы бөлінсе, биыл 4 млрд. 600 млн. теңге қаралды. Қазіргі таңда нақты 1 млрд. теңге қаржы бөлінді. Қызылорда қаласы мен аудандарда 125 жобаны іске асыру жоспарланған, бүгінде 512 млн. теңгенің 68 жобасы қолдау тапқан. Аудандардан ұсынылған жоба өте көп. Бірақ, құжат қабылдау, портал жұмысының баяулығы жұмысқа кедергі келтіруде. Өткен жылы несие алған азаматтар салық және міндетті әлеуметтік төлемдерді дұрыс төлемеген. Бағдарламаны тиімді және мақсатты пайдаланып, ауыл халқының табысын арттыруда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіміз қажет. Әрбір жоба және оны сүйемелдеу жұмыстарының барысы жеке-жеке сұралатын болады», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Жиында аудан әкімдері бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жоспарланған шараларды баяндады.
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен бірлесіп, өткен жылы несие алғандарға толыққанды талдау және мониторинг жасау тапсырылды. Анықталған ақпаратты басқармаға ұсынып, елді мекендердегі кәсіп бастаймын деген ынталы азаматтардың бағдарламаға қатысуын қамтамасыз ету, сүйемелдеу керек.
Мемлекет басшысының бастамасымен халықтың табысын арттыру мақсатындағы «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға сырдариялықтар белсенділік танытуда.
Өткен жылы аудан бойынша «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 233,3 млн. теңгенің
23 жобасы қаржыландырылды.
Биылға «Ауыл аманаты» бағдарламасына Сырдария аудан бойынша 2,7 млрд. теңгені құрайтын 444 жобажинақталды. Аталған бағдарламамен ауданға бөлінетін қаржы үлесі 335,3 млн. теңгені құрап, 27 жобаны қаржыландыру жоспарлануда.
Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында ауданда құны 3млрд. теңгені құрайтын 249 жобағақаржылай қолдау көрсетілді.
Сондай-ақ, аталған басқарма «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, «Ауыл аманаты» бағдарламасына қаралған қаражаттың тиімді әрі уақытылы игерілуін қамтамасыз етуі тиіс. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы несие иеленгендер арасынан атаулы әлеуметтік көмек алушыларды анықтап, отбасының цифрлық картасы негізінде міндетті әлеуметтік төлемдер және оның категориялары бөлінісіндегі ақпаратты ұсынуға жауапты. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасына міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударым жасаған несие алушыларға талдау жүргізу жөнінде тапсырма берілді.
Мұнан бөлек, облыс әкімі «Артспорт» бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған cпорттық тапсырысты орындайтын кәсіпкерлер жұмысын әлі де зерделеу қажет екенін ескертті. Бюджеттің әрбір тиыны бақылауда болуы тиіс. Сондықтан мониторингтік топ жұмысын тұрақты түрде жалғастыру қажет.