Қызылордада тәртіп сақшылары «ЖАСӨСПІРІМ» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында колледж студенттерімен кездесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Пазылов Нұрмахан Сансызбайұлы және қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімі қызметкерлерімен «ORDA» колледжінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында білім алушылармен кездесу өткізілді. Жиында тәртіп сақшылары жоғары колледж студенттерімен тілдесіп, қылмыссыз қоғам орнатуға қатысты әңгімелер өрбітті.
Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, тұтынудың электрондық жүйелерін пайдалану және сатуы, оларға салынатын айыппұл мөлшерлері туралы мәліметтерге тоқталды. Ата-аналардың жауапкершілігі заңмен көзделген.
Одан бөлек, полицейлер қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын-алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Ал, кездесуге қатысқан студенттер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау, ұялы телефондардың ұрлануы, жоғалуы фактілерінің алдын алу, топтық төбелестің, оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу, зорлық – зомбылықты болдырмау, суицидтің алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді

БӨЛІСУ